Қоғам

Астанылық Хатиконың өліп қалған досының қасынан кетпей жүргеніне бірнеше күн болды

© Sputnik / Дэн Леви / Медиабанкке өтуИт
Ит - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ит достығының мұңды оқиғасы Астана тұрғындарын таң қалдырды

АСТАНА, 20 қаң – Sputnik. Астаналықтарды өзінің досы иттің денесінің жанында күні-түні кетпей жүрген үйсіз иттің оқиғасы таң қалдырды. 

Жануарға көмектесу туралы постты қала тұрғындарының бірі жазған. "Ол екі ит бірге жүгіріп жүретін… Олардың бірі өлді, оның үстіне кенеттен (бәлкім улаған болар, өйткені ол жолдың бойынша жатқан. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін өтіп бара жатқандар оны қоқысқ жаққа қарай сүйреп апарған). Ал екінші ит өзінің өлген досының қасынан шықпай жүр: 3 күн мен түн болды қасында болғанына. Жүрегің елжірейді. Контейнерлерді босатып, итті қалдырып кетті… Ал ол мұңайып жүр", — деп жазады Facebook желісіндегі пост авторы.

© AP Photo / Фейсбук Игла Мастюкова Ит өзінің ит досының денесін бірнеше күн бойы күзетіп жүр
Ит өзінің ит досының денесін бірнеше күн бойы күзетіп жүр - Sputnik Қазақстан
Ит өзінің ит досының денесін бірнеше күн бойы күзетіп жүр

Оның сөзіне қарағанда көрші үйлердің адамдары оған тамақ береді.

Пікірлерде кейбір пайдаланушылар итті паналайтын  орынға орналастыру үшін ақша жинауға дайын болған. Алайда барлық орындардың толы екені және онда Хатикоға орынның жоқтығы анықталды. Адал итті біреулер үйіне алып кететін шығар деп үміттенуден басқа шара жоқ.  


Жаңалықтар
0