Қоғам

Астаналықтар уақытша тіркеуді ПИК-те рәсімдей алады

© Sputnik / Болат Шайхиновуақытша тіркеу
уақытша тіркеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жексенбі күні түске дейін Астана өңірлерінде халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейтін болады

АСТАНА, 20 қаң – Sputnik. 21 қаңтардан бастап елорда тұрғындары пəтер иелері кооперативтері (ПИК) ғимараттарында электрондық қолтаңбаны алып, уақытша тіркеуді рәсімдей алады, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметі.

ХҚКО қызметкерлері ПИК тұрғындарына сағат 9.00-ден 18.30 аралығында (13.00-ден 14.00-ге дейін  үзіліс) қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, жексенбі күні сағат 8.00-ден 15.00-ге дейін облыстық және Астана мен Алматы ХҚКО-лары жұмыс істейді. — ПИК ғимараттарында қызмет көрсету туралы ұсынысты әзірге елорданың үш пәтер иелері кооперативтері қолдады.

Олардың қатарында "Гүлдер", "Бәйтерек" және "Нұрбекет" ПИК-тері бар.

"Осы тұрғын үй кешендерінде 22 көп пәтерлі үйлер орналасқан, яғни үш мыңға жуық пәтер бар. Бұл ретте азаматтар тарапынан оңтайлы жауап болады деген үміттеміз. Қазіргі кезде Қазақстанның өзге қалаларындағы ПИК-термен келіссөздер жүргізіп жатырмыз",- деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалы — Мемлекеттік қызметтерді көрсету дирекциясының директоры Әсемгүл Балташева.


Жаңалықтар
0