АСТАНА, 20 қаң — Sputnik. Қытайдың Хунань провинцисында тағы екі адам құс тұмауын жұқтырды, біреуі науқасынан көз жұмды деп хабарлайды РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Осылайша, қаңтардың басынан бері бұл өңірде құс тұмауын жұқтырғандардың саны 13-ке жетті, олардың бесеуі дерттен қаза тапты.
Басылым хабарлағандай, бейсенбі күні дәргірелер екі науқасқа құс тұмауы диагнозын қойған, оның бірі Синьхуа уезінің 57 жастағы тұрғыны бұдан бұрын құстардың ортасында болған. Хәлі өте ауыр. Және Чэньчжоу қаласының 75 жастағы тұрғыны құс тұмауынан көз жұмды.