Әлем

АҚШ-та қазақстандық ИМ-ға қолдау көрсеткенін мойындады

© AP Photo / Hani Mohammedавтомат
автомат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан азаматы болып табылатын Ахрор Саидахметов 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА, 20 қаң – Sputnik. Қазақстан азаматы Ахрор Саидахметов "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қолдау көрсету мақсатында сөз байласқанын мойындады, деп хабарлайды РИА Новости АҚШ әділет министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

21 жасар Саидахметов Нью-Йоркте тұрған. Оның сот төрелігімен мәмілеге келгеніне қармастан, ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. АҚШ прокуроры Роберт Кейперстің мәлімдеуіне сәйкес, айыпталушы Сирияға барып, ИМ жағында соғыспақ немесе АҚШ аумағында теракт жасамақ болған. Айыптау қорытындысына сәйкес, 2014-2015 жылдары Саидахметов және оның сыбайласы Өзбекстан азаматы Абдурасул Журабаев екеуі бірге Сиряға аттануды, ойлары жүзеге аспай қалған жағдайда автомат сатып алып, полицейлерді атып тастауды жоспарлаған.

2015 жылы Саидахметов  Нью-Йорктегі Кеннеди атындағы әуе жайда Түркияға бағыт алған ұшаққа мінер сәтте қамауға алынды.  Қолында Түркияға билеті бар Журабаевты да сол күні ұстаған. Іс бойынша Өзбекстанның тағы бір азаматы өтіп жатыр. Оған террористтерге көмек үшін ақша жинауға әрекеттенді деген айып тағылып отыр.  


Жаңалықтар
0