АСТАНА, 20 қаң – Sputnik. Қазақстанның елордасы 2018 жылы Хоккей жұлдыздарының аптасын өткізуге ниет білдірді, деп хабарлады Р-Спорт Құрлықтық хоккей лигасының хоккей операциялары бойынша вице-президенті Георгий Кобылянскийге сілтеме жасай отырып.
Хоккей жұлдыздарының аптасы-2017 қазіргі уақытта Уфада өтіп жатыр. Ол 22 қаңтарға дейін созылады.
"Жұма күні келесі жылға өтініштерді таңдау жүргізіледі. 2018 жылы Хоккей жұлдыздарының аптасын өткізуге Астана, Владивосток, Казань, Хельсинки қалары ниет білдірді", — деді Кобылянский журналистерге.
Өткен жылы Астана Хоккей жұлдыздарының аптасын өткізуге тапсырысты жеңіп алуға тырысты, алайда ақтық кезеңде онлайн дауыс беру барысында Уфадан қалып қойды.