Өңірлер

Қазақстанда жұма күні қар жауып, боран соғады деп күтіледі

© Sputnik / В.Чистяков / Медиабанкке өтубұрқасын
бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

АСТАНА, 20 қаң – Sputnik. Республиканың басым бөлігінде  атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел  күшейеді, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің сайтында. 

Ақмола обллысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз бұрқасын болады.  

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман бақыланады, күндіз бұрқасын болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейіп, екпіні  28 м/с болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қызылорда облысында көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жел бұрқасынмен болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын бақыланып,  күндіз кей жерлерінде желдің күші 18 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман бақыланып, жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз желдің екпіні 25 м/с болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман болады.  


Жаңалықтар
0