АСТАНА, 19 қаң – Sputnik. Иран Астанада 23 қаңтарда өтетін Сирия бойынша келіссөздерге қатысады, ирандық делегацияға сыртқы істер министрінің орынбасары Хоссейн Джабери Ансари жетекшілік етеді, деп хабарлайды Иранның сыртқы істер министрлігі.
Астанадағы келіссөздер Қазақстан, Ресей, Иран және Түркия президенттері арасындағы келісімге сәйкес жүргізілетін болады. Келіссөздердің бастамашысы болып Иран, Ресей және Түркия табылады. Қазақстан келіссөздер үшін алаң ұсынады.
Қатысушылар гуманитарлық және саяси мәселелерді, атап айтқанда Сирияда атысты тоқтату тәртібін талқылайды деп күтіледі.
"Иран, Астанада келіссөздер өткізу бастамашыларының бірі ретінде, мұны соғыс пен гуманитарлық дағдарысқа нүкте қойып, өңідегі тұрақтылық пен бейбіттің орнауына ықпал ету үшін, саяси реттеуге қол жеткізу үшін Сирия үкіметі мен оппозициясы арасында диалог орнатуға мүмкіндік деп санайды", — делінген хабарламада.