АСТАНА, 19 қаң – Sputnik. Қытай сириялық босқындар үшін гуманитарлық көмек ретінде Сирияға қосымша 200 миллион юань (29,2 миллион АҚШ доллары) бөледі, деп мәлім еті ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, деп жеткізеді РИА Новости.
Сәрсенбінің кешінде қытайлық көшбасшы БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінде болып, сөз сөйледі.
"Қытай сириялық босқындар мен баспанасынан айырылғандарға көмек ретінде пайдаланылатын гуманитарлық көмек үшін қосымша 200 миллион юань бөлу туралы шешім қабылдады", — деп келтіреді ҚХР СІМ Си Цзиньпиннің Женевада айтқан сөзін.
Оның айтуынша, терроризм мәселесі мен босқандармен күрес геосаяси шиеленістермен тығыз байланысты.