Өңірлер

Синоптиктер бейсенбі күні жауын-шашынсыз болады деп болжайды

© Public DomainАуа райы
Ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болжам бойынша тек республиканың солтүстік, оңтүстік, орталықтың кей жерлерінде аздаған қар жауады деп күтіледі

АСТАНА, 19 қаң – Sputnik. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, тек республиканың солтүстік, оңтүстік, орталықтың кей жерлерінде аздаған қар жауады, деп хабарлайды ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің сайты. 

Намаз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жаназа намазы қалай оқылады

Кей жерлерде тұман  болады, оңтүстікте көктайғақ болып, жел күшейеді.

Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде  тұман болып, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, түнде екпіні 28 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда  облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.


Жаңалықтар
0