Қоғам

Қазақстандықтар Наурыз және Елорда күні мерекесіне орай тоғыз күн демалады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоНаурыз
Наурыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Демалыс күндерін ауыстыру нәтижесінде қазақстандықтар наурыз және шілде айларында жалпы алғанды 9 күн демалатын болады

АСТАНА, 18 қаң — Sputnik. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылғы наурыз және шілде айларындағы демалыс күндерді ауыстыру туралы қаулыға қол қойды. 

Осылайша, қазақстандықтар Наурыз мерекесіне бес күн, ал Елорда күніне – төрт күн демалатын болады, деп хабарлайды primeminister.kz сайты. 

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге ауыстырылды. Осылайша 19, 20, 21, 22, 23 наурыз демалыс болады. Елорда күніне — 1 шілде сенбіден –7 шілде жұмаға ауыстырылады. Демалыс күндері 6, 7, 8, 9 шілде болмақ. 

© Sputnik2017 жылғы мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесі
2017 жылғы мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесі - Sputnik Қазақстан
2017 жылғы мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесі
Жаңалықтар
0