Оқиға

Карикатура төңірегіндегі әлеуметтік желілердегі шу: "Ділманов мені салған"

Жазылу
Танымал қазақстандық карикатурашы Мұрат Ділмановтың жаңа туындысы бұқараның қызу талқысына ілінді

АСТАНА, 18 қаң — Sputnik. Қазнет пайдаланушылары Мұрат Ділмановтің "Қ" әрпі бар ер адам бейнеленген карикатурасын қызу талқылауда. Желіде музыкант және продюсер суреттен өзін көріп, суретшіні сотқа бермек деген әңгімелер тарады. 

Интернет пайдаланушылары қалыптасқан жағдайға байланысты посттар жариялап, "Карикатурада бейнеленген мен" деген пікірлер қалдыра бастады. Осы оқиғаға байланысты карикатурашының өзі не ойлайтынын Sputnik Қазақстан хабарласып білді. 

© Photo : Аккаунт Мурата Дильманова в FacebookКарикатура Мурата Дильманова
Карикатура Мурата Дильманова - Sputnik Қазақстан
Карикатура Мурата Дильманова

— Карикатурада бейнеленген кім?

— Ол керуетте отырып, елдің тағдырына алаңдап отырған адам. 

- Бұл жерде Супермен комикс кейіпкеріне аллюзия бар ма?

— Иә. Соңғы уақытта мен отандық өндірістегі супер кейіпкерлерді тәжірибелеп жүрмін. 

Қазнет уақытша тіркеу нормасына қатысты ойын білдірді - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазнет уақытша тіркеу нормасына қатысты ойын білдірді

- Карикатураны түсіндіру – анекдотты түсіндіргенмен пара пар, дегенмен артқы пландағы жалаңаш әйелдің бұл жердегі орны қандай? 

— Жалпы, бұл өте үлкен күмән. Ол жерде іс жүзінде гендерлік ештеңе жоқ. Оны әйел деп ешкім нақты айта алмайды. Жалпы адам деуге болады. 

- Бірақ ол адамды жалаңаш деуге болады ма?

— Оны білмедім. Егер арқасы ашық болса, ол жалаңаш адам ба?

- Тікелей сұрақ: бұл суретте бейнеленген Қыдырәлі Болманов па? 

— Жоқ. Ол Қыдырәлі Болманов типіндегі адам. Барлық жерде ұқсастық көп, бірақ мен еш жерде, бірде бір карикатурада белгілі бір адам деп көрсетпеймін. 

- Қыдырәлі Болмановтың сотқа беру ниеті туралы қауесетке қатысты қандай пікір білдірер едіңіз? 

— Заңды тұрғыдан, кез келген нәрсеге ренжуге болады. Бізде бұған заңмен рұқсат етілген. Егер адам ренжіп, сотқа бергісі келсе, егер де суреттің белгілі бір азап шеккізгені дәлелденсе, мархабат, мен бұны талқылауға әзірмін. 

Айта кетейік, музыкант Қыдырәлі Болманов күні бойы қоңырауға жауап бермеді. Ал тұтқаны көтерген сәтте кештеу пікір білдіретінін айтты. Бұл ретте оның зайыбы Қарақат Sputnik Қазақстанға болып жатқан оқиғадан хабары жоқ екенін айтып,  кештеу хабарласуды сұрады. 

Төменде интернет пайдаланушыларының карикатураға қатысты пікірлерін келтіреді. 

  
  
Жаңалықтар
0