Экономика

"Ақ жол"депутаты БЖЗҚ монополиясынан бас тартуды ұсынды

© Sputnik / Болат ШайхиновБЖЗҚ
БЖЗҚ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан парламентінде БЖЗҚ монополиясын тартып алып, мемлекеттің қадағалауындағы жеке зейнетақы қорларына қайта оралу бастамасы қозғалды.

АСТАНА, 18 қаң – Sputnik. Парламент депутаттары Бірыңғай жинақтық зейнетақылық қоры төңірегіндегі ахуалға алаңдаушылық білдірді.

БЖЗҚ - Sputnik Қазақстан
Экономика
БЖЗҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева болды

Сәрсенбі күні мәжілістің жалпы отырысы барысында "Ақ жол" партиясы атынан мәжіліс депутаты Дания Еспаева премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевқа сұрату бағыттады.

"Тергеудің мән-жайына үңілместен, біздің фракция Ұлттық банктің БЖЗҚ туралы түсініктемесімен түбегейлі келіспейтіндігін жеткізеді. Ол түсініктеме бойынша, аты шулы 5 миллиардтық келісімдерге сәйкес БЖЗҚ зейнетақы ақшасын емес, өз қаражатын пайдаланған", — деді Еспаева.

Оның сөзіне сүйенсек, БЖЗҚ-ның жеке қаражаттары жоқ, қордағы қаржы ресурстарының бәрі миллиондаған азаматтардың басқаруға сеніп тапсырған зейнетақылық жинағы немесе осы жинақтардан түскен инвестициялық кіріс.

"Ақжол" депутаттық фракциясы БЖЗҚ монополиясынан бас тарту мәселесін қарастыруды сұрап, зейнетақы қорларының қызметіне бірнеше тәуелсіз қатысушылардың араласуын енгізуді ұсынады. Олар салымшыларға нарықтық бәсекелестікке сәйкес және мемлекет пен үкіметтің қатаң қадағалауымен таңдау мүмкіндігін берер еді", — деп қорытты Еспаева.

Жаңалықтар
0