Өңірлер

Теракт кезіндегі қорқақтық туралы іс: офицерлер шынайы мерзімге сотталды

Жазылу
Ұлттық гвардия офицерлері террористердің шабуылына қарсылық көрсетудің орнына, қызмет орнынан қашып кеткені үшін айыпталды

АСТАНА, 18 қаң – Sputnik. Ақтөбедегі 6655 әскери бөлімшесінің майорлары Қайнарбек Тастанбеков пен Қайырғали Оразжанов 5 маусымдағы террористтер шабуылы кезінде жарғылық қағидаларды бұзғаны үшін айыпты деп танылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сот үкімі офицерлер қызмет еткен әскери бөлімше аумағында оқылды.

Мемлекеттік айыптаушы мәлімдегендей, офицерлер террористтер шабуылы кезінде қызмет орнынан қашып кеткен. Олар ҚР ҚК 447 бабы "Iшкi қызмет атқарудың немесе гарнизонда патруль болудың жарғылық қағидаларын бұзу" бойынша айыпталды. Майор Тастанбеков кінәсін мойындамады, ал майор Оразжанов, керісінше, айыбын мойындап, соңғы сөзіне жасаған ісі үшін кешірім сұрады.

Сот Тастанбековты 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, Оразжановты – 3 жыл 6 айға. Екеуі де жаза мерзімін жалпы тәртіпті колонияда өтейді. Сот оларды офицерлік шеннен айырды.

© Sputnik / Антон ПережогинСотталған офицерлер Тастанбеков пен Оразжанов
Сотталған офицерлер Тастанбеков пен Оразжанов - Sputnik Қазақстан
Сотталған офицерлер Тастанбеков пен Оразжанов
Жаңалықтар
0