АСТАНА, 18 қаң – Sputnik. Андрей Стенин атындағы халықаралық конкурс қатысу сұранымдарын қабылдайды және әділқазылар құрамын ұсынды деп хабарлады "Россия сегодня" ХАА баспасөз қызметі.
Конкурс ұйымдастырушысы қызметін ЮНЕСКО істер бойынша РФ комиссиясы басшылығымен "Россия сегодня" ХАА атқарады. Конкурсқа қатысу сұранымдарын қабылдау stenincontest.ru сайтында 2017 жылғы 22 наурызға дейін ашық.
Әділқазылар қатарына ресейлік және әлемдік фотоқауымдастығының атақты өкілдері енді, олардың арасында — "Штерн" журналының фотодиректоры Андреас Трамп, Independent Media медиатобының фоторедакторы Йан Лэндсберг, Cortona On The Move (Италия) халықаралық фестивалінің көркемдік директоры Арианна Ринальдо, Ағайынды Люмьерлер атындағы фотография орталығының негізін қалаушысы және бас кураторы Наталья Григорьева-Литвинская, "Россия сегодня" ХАА фотокорреспонденті, World Press Photo фотосурет байқауының лауреаты Владимир Песня, Xinmin Evening News газетінің президенті және Біріккен Шанхай медиатобы сандық БАҚ мен газеттерінің жетекшісі Чэнь Цивэй, фоторедактор, Визуалді Өнер Мектебінің фотография мұғалімі Варвара Гладкая.