Әлем

Қырғызстан арнайы қызметі әуе апаты туралы жосықсыз жазбалар жариялаған әйелге ескерту жасады

© SputnikFacebook
Facebook - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арнайы қызмет әйелдің жазбаларынан аймақаралық және ұлтаралық алауыздыққа үндеуді байқаған

АСТАНА, 18 қаң – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясының Таттыгуль Дооталиеваға әлеуметтік желідегі жарияланымдары үшін ресми ескерту жасады деп хабарлайды ҰҚМК баспасөз қызметі.

Қырғызстандағы әуе апаты құрбандарының алғашқы жерлеулері - Sputnik Қазақстан
Видео
Қырғызстандағы әуе апаты құрбандарының алғашқы жерлеулері

Бұдан бұрын әйелдің парақшасында ұшақ апатынан қаза тапқандардың ішкі көші-қон мәселесі бойынша "мысқыл" жазбалар пайда болған еді. Қолданушының жазуынша, елдің оңтүстігінен келген азаматтар республика астанасының маңындағы жерлерді "басып алған". Жарияланымда айтылғандай,  әуе апаты – бұл "табиғи сұрыпталу". БАҚ мәліметінше, әйелдің өзі ұялы телефонын жоғалтып алғандығын, ол жазбаларға еш қатысы жоқ екенін мәлімдепті.

Дооталиева әлеуметтік желілердегі жазбалары үшін жұмыстан шығарылған екен. 

Жаңалықтар
0