Шуақты Италия дәмі: пицца әзірлеу тәсілі

Жазылу
Пицца - әлемдегі ең танымал тағамдардың бірі, оны сүйіп жемейтін адам жоқ шығар, сірә. Sputnik бейнежазбасында аспаз нағыз итальян пиццасы "Палермоны" әзірлеудің құпиясын ашады

Дәмді пиццаның басты құпиясы қамырды дұрыс илеу дейді аспаз Талех Алимарданов. "Үнемі айтып отырамын: нағыз пиццаны әзірлеу үшін, барыңды салып қамыр илеуге тиіссің. Итальян пиццасында қамырды жұқа етіп жаяды, алайда кейбіреулерге қамырдың қалың болғаны да ұнап жатады", — дейді Алимарданов Sputnik Әзербайжан агенттігіне берген сұхбатында.

Нағыз итальян пиццасын әзірлеу үшін арнайы тұздық жасау қажет, қызанақ пастасы немесе кетчуп пайдаланған дұрыс емес.

Ингредиенттер: 

Кілегей тұздығы (пиццерияның арнайы әдісімен әзірленген)

Пармезан

Пепперони шұжығы

Моцарелла ірімшігі

Тұздалған қияр

Қызыл пияз

Орегано

Қамыр:

Ұн – 2,5 стақан

Зәйтүн майы – 2 ас қасық

Құрғақ ашытқы – 2 шәй қасық

Тұз – ½ шәй қасық

Жылы су – 1 стақан

Жаңалықтар
0