Оқиға

Шымкентте белгісіз адамдар православиелік шіркеуге ұрлыққа түсті

Жазылу
Белгісіздер Шымкентте Киелі Николь кафедралды шіркеуінен ақша мен бағалы заттар ұрлап кеткен

АСТАНА, 17 қаң — Sputnik. Шымкент қаласында полицейлер Киелі Николь кафедралды шіркеуінен садақа мен бағалы заттар ұрлап кеткен күдіктілерді іздеуде. 

Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, сейсенбі күні таңертең белгісіз тұлғалардың шіркеуде ұрлық жасағаны туралы 32 жастағы шіркеу қызметкерінен хабарлама түскен. 

"Оқиға орнына барған полицейлер, түнгі мезгілде белгісіз тұлғалар шіркеуден садақа салынған жәшік, алтын сақина мен алқа ұрлағанын анықтады. Шығын көлемі анықталуда. Бұзып кіру ізі анықталмаған", — делінген полицияның хабарламасында.

ҚР ҚК 188-бабымен "Ұрлық" қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілерге қатысты іздеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Жаңалықтар
0