АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Соңғы жеті жылда Toyota алғаш рет жаңа автокөліктер отандық нарығының лидері атанды, одан кейінгі орында ресейлік LADA бренді тұр деп хабарлайды Қазақстанның автобизнес қауымдастығы.
2016 жылғы қорытынды бойынша, нарықтың ресми өкілдері 46712 жаңа автокөлік сатты.Қазақстанда құрастырылған көліктер үлесі 26%-ды құрады.
2016 жылғы автокөлік сатылымының үздік үштігі:
1. Toyota – 9 059 көлік (нарықтағы үлесі 19,39%)
2. LADA – 8 147 көлік
3. Renault – 3 772 көлік