Мәдениет

Мұхамедиұлы: Қазақстан Қытайдың кино нарығына шықпақшы

© Photo : кадр из трейлера"Аманат" фильмі
Аманат фильмі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәдениет және спорт министрінің пікірінше, отандық кинотаспаларды әлемдік нарыққа шығару керек

АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Қазақстан Қытайдың кино нарығына шығады деп мәлімдеді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

28 панфиловшылар фильмінен кадр - Sputnik Қазақстан
"28 панфиловшылар" режиссері "Тарихи шындыққа адалдық үшін" сыйлығын алды

"Келесі қадам – кең ауқымды халықаралық кино нарығына шығу, оның ішінде Қытай нарығы бүгінде дүние жүзінің орасан зор қызығушылығын туғызып отыр", — деді Мұхамедиұлы сейсенбі күні үкімет отырысында.

Ұлттық фильмдер өндірісі аясында министрлік соңғы үш жыл ішінде жүз шақты фильм түсірді, қазіргі уақытта 40-тан астам картина түсіріліп жатыр.

"Фильмді түсіруге шетелдік кинокомпания тартылса, әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік туады. Осы орайда біз сәтті қадам жасап үлгердік. Ресеймен бірлесіп "28 панфиловшылар" туындысын шығардық. Бұл фильм қазақстандық және ресейлік прокатта лидер атанды", — деп қорытты министр. 

Жаңалықтар
0