АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Қазақстанның ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сейсенбі күні үкіметтің 2017 жылға ЖІӨ болжамын өсімі бойынша қайта қарастыратынын мәлімдеді.
"ЖІӨ өсіміне қарай қайта қаралады", — деді Сүлейменов тілшілерге үкімет отырысынан соң.
Министр еске салып өткендей, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам, оның ішінде ЖІӨ өсуі мен мұнай алу бойынша болжам өткен жылы бекітілген болатын. Соған сәйкес ЖІӨ шынайы өсімі 2017 жылы 1,9% деңгейінде болжанған және 2021 жылға қарай 3,1% болады деп күтілген.
"Қазір болжамды әзірлеп жатырмыз, қолда сандық көрсеткіштер бар, алайда оны қағаз жүзінде үкімет деңгейіне көтеріп, ақпан айында жарияламақпыз", — деді министр.