Өңірлер

Он тоғыз жасар қостанайлық спорт кешенінде атыс ұйымдастырды

© Sputnik / Табылды КадырбековТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болжам бойынша, спортшылар сөзге келісіп қалған болса керек

АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Қостанай тұрғыны травматикалық қарумен екі спортшыны жарақаттады: біреуі иығынан жарақат алған, екіншісі – басынан деп хабарлады куәгер Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Тапанша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодарда атысқан адамдар ұсталды

Оқиға 16 қаңтар күні кешкісін Қостанайда "Трудовые резервы" спорт кешенінде болған. Куәгерлердің айтуынша, спортшылар өзара сөзге келіп қалған екен. 

"Балаларды жаттығуға алып келгенмін, алайда ғимаратқа кіре алмадық. Жағалай қоршап тастапты, полицейлер жұмыс істеп жатты. Атыс бокс залында болған. Болжам бойынша, спортшылар өзара кикілжіңге келіп қалса керек", — деп хабарлады оқиға куәгері Василий Сергеев Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

Ішкі істер департаменті хабарлағандай, күдікті ұсталған екен. Ол он тоғыз жасар Қостанай тұрғыны.

Жаңалықтар
0