Қоғам

Ғабдуллиннің ісі бойынша басты сот талқылауы кикілжіңмен басталды

© Sputnik / Болат ШайхиновСот отырысы басталар сәт
Сот отырысы басталар сәт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Central Asia Monitor газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллиннің соты прокурорлар мен жәбірленуші тараптың наразылығына байланысты фото, бейне және аудио жазбаларсыз өтетін болады

АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Бопсалады деген айып тағылған Central Asia Monitor газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллиннің сот талқылауы судьяның тілшілерге суретке түсіріп, аудио жазбалар жасауға тыйым салуымен басталды.

Бигелді Ғабдуллин - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Бигелді Ғабдуллин кінәсін мойындап, 20 млн теңгеден астам қаражат төледі

Бигелді Ғабдуллиннің ісі бойынша басты тыңдау 17 қаңтарда Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында басталды. Тыңдау басталмай тұрып, сот жасауылдары телеарна тілшілеріне бірнеше мәрте барып, операторлардан шығып кетуін өтінді. Алайда тілшілер соттың ашық немесе жабық түрде өтуін судья шешеді деп мәлімдеді.

Төрағалық етуші судья Бағлан Ыдырысов тыңдау басталар сәтте тараптарға бірнеше сұрақ қойды. Прокурор соттың жабық түрде өтуін сұрады, жәбірленуші тарап та соны қолдаған. 

Сотталушы Бигелді Ғабдуллин тілшілердің сот отырысына қатысуына қарсылық білдірмейтінін мәлімдеген еді.

Жаңалықтар
0