Қоғам

Мұхамедиұлы Универсиада жеңімпаздарына берілетін сыйақы көлемін атады

Жазылу
Универсиаданың алтын жүлдегерлеріне берілетін сыйақының жалпы сомасы 4,9 миллион теңгені құрайды

АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Қаңтар соңында Алматыда басталатын Универсиада жеңімпаздарына 4,9 миллион теңгедей сыйақы беріледі деп хабарлады ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Допинг-сынама - Sputnik Қазақстан
Спорт
Универсиада-2017 қатысушыларын допингке австриялық зертхана тексеретін болады

"Жазғы және қысқы Дүниежүзілік Универсиада жеңімпаздарына сыйақы төлеу туралы үкімет шешімі спортшыларды жарыста үздік ойын өрнегін көрсетуге ынталандырады. Бірінші орын үшін – 4,9 миллион теңге, екінші орын үшін – 3,3 миллион теңге және үшінші орын үшін – 1,6 миллион теңге", — деді Мұхамедиұлы сейсенбі күні үкімет отырысында.

Осындай көлемдегі сыйақылар Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің бапкерлеріне де беріледі деп атап өтті министр.

Жаңалықтар
0