Оқиға

БҚО-да ит қауып алған баланы ауруханадан шығаруға дайындап жатыр

© Sputnik / Табылды Кадырбековаурухана
аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батыс Қазақстан облысында қаңғыған иттер талаған жеті жасар бала клиникалық өлімге шалдыққан болатын

АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Қаңғыған иттер талап тастаған Еркінқала кентінің жеті жасар тұрғыны, өзін жақсы сезінеді, оны ауруханадан шығаруға дайындап жатыр, деп хабарлайды "Мой город" порталы. 

Қаңғыған ит - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Атырау облысында қаңғыған иттер баланы талады

"Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттандырарлық. Меніңше, осы аптада оны ауруханадан шығаратын боламыз. Бала клиникалық өлімге шалдыққан болатын, біз оның жүрегін қайта соқтыра алдық. Белгілі бір уақытқа, ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Аллаға шүкір, бәрі сәтті аяқталды", — деп келтіреді басылым облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрғабыл Айтмұхамбетовтың сөзін. 

Атырау тұрғындарына түрлі дене жарақатымен облыстық балалар ауруханасына түскен баланың есін жимастан көз жұмғаны туралы ақпарат таралды. Алайда, өңірдің облыстық ішкі ісер департаментінде бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты.


Жаңалықтар
0