АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады, тек шығыстың кей жерлерінде қар жауады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Кей жерлерде тұман болып, жел күшейіп, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде бұрқасын күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.