Экономика

Қазақстандықтарға криптовалюта пайдалану ұсынылып отыр

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуБиткоин айырбастау
Биткоин айырбастау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұйымдар қызмет алушыларға көтеріңкі пайыз арқылы жоғары пайыздар ұсынып отыр

АСТАНА, 16 қаң — Sputnik. ҚР Ұлттық банкі қазіргі уақытта Қазақстанда криптовалюталарды пайдалана отырып халыққа инвестициялық қызмет көрсететін ұйымдардың жұмыс істейтіндігін хабарлайды. 

"Бұл ұйымдар Қазақстандықтарға криптовалюталарды сатып алу мақсатында қолма-қол ақша енгізу жолымен, сол сияқты қолма-қол ақшасыз тәртіппен Интернет желісі арқылы олардың бағдарламаларына қатысуды ұсынады", — деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

 Бұл ұйымдардың өкілдері сатып алған криптовалюталар бойынша жеке тұлға клиенттерге қаржы нарығындағы қолданыстағы мөлшерлемелермен салыстыруға келмейтін, белгілі бір уақыт өткеннен кейін жоғары кірістерді (аса көтеріңкі пайыздар) уәде етеді. Жоғары сыйақылар айналымдағы ақшаның болуын қамтамасыз ете отырып, қатысушылардың айтарлықтай санын және жаңа клиенттердің ақшалай түсімдерін тарту есебінен төленеді. Ақша айналымы (ағыны) тоқтатылған немесе жетіспеген кезде ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін бұл ұйымдар жабылып, барлық төлемдер тоқтатылады.

"Криптовалюталардың ресми ақша бірлігіне не өзге де нақты активтерге байланысы, сондай-ақ тиісті қамтамасыз етуі және оларға қызмет көрсету операциялары бойынша заң тұрғысынан жауапты субъектілерге қатысы жоқ. Бұдан басқа, криптовалюталардың айналыс процесі орталықтандырылмаған, және оны реттеу мүмкіндігі жоқ", — деді ҚР Ұлттық банкінде. 

Осы ұйымдардың пайдасына ақша енгізген қатысушылардың салынған ақшаны қайтаруының құқықтық кепілдіктері жоқ, себебі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бұл ұйымға кіру және жеке тұлғалардың ақша енгізуі ерікті негізде жүзеге асырылады және ол қандай да болмасын құжаттандырылған рәсімдермен бекітілмейді. Бұл ретте жоғарыда аталған ұйымдардың әрекеттері ҚР Ұлттық банкі тарапынан реттелмейді. 


Жаңалықтар
0