АСТАНА, 16 қаң — Sputnik. Түркиялық ACT Airlines əуе компаниясының Boeing 747 жүк ұшағы дүйсенбі күні таңертең Бішкек маңында апатқа ұшырады, жексенбі күні Астана əуе жайында май құйған, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінде.
"Кеше (15 қаңтар) бұл ұшақ Астана əуе жайына қонған. 16 сағат 11 минутта қонып, 16 сағат 21 минутта ұшып кеткен. Ұшақ бізден май толтырып, Гонконгқа ұшып кетті. Апат Гонконгтан Бішкекке ұшқан кезде болған", — деді Sputnik Қазақстан агенттігімен әңгімелесуші.
Бұл ақпаратты flightradar24.com сайтының мәліметтері де растап отыр. Сайт деректеріне сәйкес, ұшақ алдымен Стамбул-Астана-Гонконг бағытында рейс жасаған. Сосын Гонконгтан Бішкекке ұшқан.
Boeing 747-400 жүк ұшағы "Манас" халықаралық әуежайынан 1,5 километрдей жерде апатқа ұшырады. Ұшақ әуежай маңындағы саяжай ауылға құлаған, апат барысында 32 үй қирады. Boeing Гонконг-Бішкек-Стамбул маршруты бойынша рейсті атқарған. Экипаж құрамында бес адам болған екен. Жалпы құрбандар саны – 37 адам.