Саясат

Мәжілістің вице-спикері: парламент өзінің қосымша өкілеттігін өзі ұсынады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан парламенті
Қазақстан парламенті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан парламенті ақпан айында билікті қайта бөлу жөнінде өз ұсынысын жасайды

АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. Қазақстанда биліктің атқарушы және өкілдік тармақтарының орталық органдары өзара өкілеттікті қайта бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлейтін болады деп хабарлады парламенттің төменгі палатасы вице-спикері Гүлмира Есімбаева дүйсенбі күні.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Билікті қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының құрамы анықталды

"Жұмыс тобы құрылды. Биліктің әрбір тармағы бұл ретте өз ұсынысын дайындап жатыр. Парламент туралы айтар болсақ, оның кейбір өкілеттіктері мен қызметті тапсыру бойынша өзгерістер жайлы ұсыныстарды біз дайындаймыз, Жоғарғы сот өз ішінде, прокуратура өз ішінде әзірлейді", — деді Есімбаева тілшілерге.

Оның айтуынша, қаңтардың үшінші онкүндігінде заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістердің жалпы концепциясы жасалады. "Ақпан айының басында нақты ұсыныстар айтылады, сол кезде бәрін білесіздер деп ойлаймын", — дейді мәжіліс төрағасының орынбасары. 

Жаңалықтар
0