АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.
"Қазақстан Президенті ұшақ апаты салдарынан Бішкек қаласының маңында көптеген адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады", — делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша қырғыз халқына көңіл айтты.