АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. Бішкек түбіндегі ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 30 адамнан асты деп хабарлады Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі өкілі РИА Новости агенттігіне.
Turkish Airlines әуе компаниясының Boeing 747 жүк ұшағы дүйсенбі күні таңертең Бішкек түбінде апатқа ұшырады, ұшақ Гонконг-Бішкек рейсін орындауға тиіс болатын, ол әуежай маңындағы саяжайлар аумағына құлады.
"Қазіргі уақытта апат кезінде қаза тапқандардың саны анықталып, тізім жасалуда, жергілікті тұрғындар мен экипаж мүшелерінің құрбандар саны 30 адамнан асады. Апат ондаған адамдардың өмірін қиды", — дейді агенттікке сұхбат беруші.
Министрліктің берген мәліметінше, сегіз адам ауруханаға жатқызылған, олардың алтауы жас бала, барлығы ауыр жарақат, күйік алған.