Оқиға

Lost in Орал: испандық саяхатшылар Оралда тұрып қалды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАвтокөлік
Автокөлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Испаниядан келген саяхатшылардың жас жұбы автокөліктері бұзылып, Оралда қалып қоюларына тура келді

АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. Испаниялық Хосе мен Патрисия Оралға 13 қаңтарда келген. Күтпеген жерден олардың көліктері бұзылып қалды деп жазады "Мой город" басылымы.

Испандық саяхатшылар өз көліктерінде Италия, Хорватия, Словения, Чехия және өзге де елдерде болып, 16 мың шақырымды еңсеріп үлгерген. 

"Біз үшін бірге шер шарын айналып саяхат жасау арман болатын. Бір бірімізді білгенімізге тоғыз жыл болы, төрт жылдан бері кездесеміз. Мен Испаниядан боламын, Малага қаласынан, ал Хосе Эстепонадан. Біз Италия, Словения, Хорватия, Босния, Сербия, Словакия, Чехия, Польша, Литва, Эстония, Финляндия, Норвегия, Ресей секілді елдерде болып үлгердік, енді міне Қазақстандамыз.Хосе өз қолымен жасап шығарған Land rover santana автокөлігімізге мініп, 16 мың шақырымды жүріп өттік.

Патрисияның айтуынша, Оралда төтенше оқиғаға тап болыпты: аяқ астынан көліктері бұзылып қалса керек. Жолай көліктерді тоқтатқанша, біраз уақыт аязда тұрған екен, бір уақытта көмекке Нұрлан келеді.

Макет  ЭКСПО 2017 - Sputnik Қазақстан
Әлем
The New York Times 2017 жылы Қазақстанға баруға кеңес берді

"Ең қызығы, біз Оралда тұратын жергілікті халыққа таң қалдық. Тілімізді ешкім білмейді. Бірақ адамдардың жанашырлығы сонша – бізді түсіну үшін барын салды", — деп ойымен бөліседі Патрисия.

"Мен саяхатшыларды бірден қонақ үйге апардым. Енді оларға күнде келіп, біздің елде жалықтырмас үшін бәрін жасап жүрмін, — деп әңгімелейді Орал тұрғыны. – Тек көліктерін жөндеу оңай болмады. Маман жігіттерді шақыруымызға тура келді", — дейді Нұрлан.

Саяхатшыларға ең ұнаған дәм қазы мен жылқы еті болыпты. Жергілікті өңірдің тұмса табиғатына да тамсанған екен. 

Жаңалықтар
0