Қоғам

Шымкентте автокөлік екі баланы қағып кетті

© Sputnikжедел жәрдем
жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Анасы қолында бір баласын, жанында тағы екі баласын жетектеп жолдан өтіп бара жатқан кезінде көлік қағып кетті

АСТАНА, 15 қаң — Sputnik. 14 қаңтар күні кешке Шымкенттен Ақсукентке бағытталған тас жолда жеңіл автокөлік жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп, жолдан үш баласымен өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті, деп жазады өңірлік Otyrar.KZ басылымы. 

Предупреждающий знак, поломка машины - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ОҚО-да ЖКО салдарынан 2 адам қаза болып, 6 адам жарақаттанды

Жол апаты кешкі сағат алтылар шамасында орын алған. Әйел үш баласымен жолдан өтіп бара жатқан.

Редакцияға оқиға түсірілген бейне жазбаны берген көзбен көрушінің айтуынша, әйел 44-ші маршруттан "Аптека" аялдамасынан түскен. Ол кіші баласын қолына көтеріп, екі баласын жетектеп бара жатқан.

Баласын көтеріп бара жатқан әйелді екі-үш секундтық сәт құтқарған, ал соққы анасынан бір-екі қадам кейін келе жатқан екі үлкен баласына тиген. Бір бала жол-көлік апаты кезінде қаза тапты, екіншісі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ, куәгерлердің сөзіне қарағанда, отбасы өтіп бара жатқан жолды жақында ғана жөндеген. Бағдаршамды алып тастап, ешқандай белгі қоймаған. Ал, "жедел жәрдемді" шамамен бір жарым сағат күтуге тура келген. 


Жаңалықтар
0