АСТАНА, 15 қаң — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады, тек солтүстік-батыста және шығыста тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Алматы облысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.