Өңірлер

Қазақстанда сенбі күні құбылмалы ауа райы сақталады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елдің басым бөлігінде тұман, көктайғақ болып, жел тұрады, солтүстікте – төменнен соққан боран

АСТАНА, 14 қаң — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталадаы, қар жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыста ауа райы жауын шашынсыз деп хабарлады Қазгидромет баспасөз қызметі.

қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран тұрады деп күтіледі

Ақмола облысында кей жерлерде төменнен соққан боран, тұман.

Алматы, Атырау облыстарында – тұман, көктайғақ.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, желдің күшеюі–15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында – тұман, күндіз жел–15-20 м/с.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, түнде Шығыс Қазақстан облысында – тұман.

Жаңалықтар
0