АСТАНА, 13 қаң – Sputnik. Алматы шекарашылары Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысу үшін оңтүстік елордаға келген спортшыларға апорттан дәм ауыз тигізді, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Жұма күні баспасөз қызметі Универсиаданы өткізуге арналған бейне ролик тартты.
"Дүниежүзілік қысқы Универсиада қарсаңында Алматы жер шарының түкпір-түкпірінен келіп жатқан спортшыларды қарсы алуда. Оңтүстік елорданың визит карточкасына, Алматы символына, қазақстандықтардың ұлттық мақтанышына айналған алматылық аппорттарынан ауыз тигізіп, спортшыларды алғаш болып қарсы алу мәртебесі бұйырған Алматы шекара бақылау жасағының әскери қызметкерлері үшін жүректі тулатқан кез келді", — дейді бейне роликтегі кадрдың артындағы дауыс.
28-ші қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Қысқа Универсиаданың бағдарламасына 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтіледі. Универсиада өткізу кезінде шамамен үш мыңға жуық еріктіні тарту жоспарланып отыр. Оның ішінде шетелдіктер де бар. 30 мыңға жуық отандық және шетелдік турист келеді деп күтіледі.