Қоғам

Астанада алау эстафетасына байланысты автокөлік қозғалысы шектеледі

© Sputnik / Солтан ЖексенбековАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылдың 25 қаңтар күні Астана қаласында 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 Алауының Эстафетасы өтеді

АСТАНА, 13 қаң – Sputnik. Астанада Алау эстафетасына байланысты қаланың кейбір көшелерінде автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеледі, деп хабарланады елорданың ресми сайтында. 

Осылайша 2017 жылдың 25 қаңтар сағат 10:00-ден 12:30-ға дейін: Қабанбай батыр даңғылында Тұрар Рысқұлов көшесінен бастап, Достық көшесіне дейін; Достық көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан бастап, Түркістан көшесіне дейін көліктің барлық түрлеріне қозғалыс ішінара шектелетінін ескертеміз.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 25 қаңтар күні сағат 12:45-тен 15:00-ге дейін: Д. Қонаев көшесінде Түркістан көшесінен бастап, Қабанбай батыр даңғылына дейін; Қабанбай батыр даңғылында Д. Қонаев көшесінен бастап, "Рамстор" СО-ның автотұрақ аумағына дейін (Республика даңғ.); Республика даңғылында "Рамстор" СО-ның автотұрақ аумағынан бастап, Кенесары көшесіне дейін; Кенесары көшесінде Республика даңғылынан бастап, Астана қаласының ескі алаңына дейінгі аумақта қозғалыстар шектелетін болады.


Жаңалықтар
0