АСТАНА, 13 қаң — Sputnik. Қазақстан Президенті 15-16 қаңтарда ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктерінде болады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Сапар барысында Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткерлерімен және іскер топтар өкілдерімен келіссөздер өткізу жоспарланған.
Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Даби әмірлігінің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездеседі.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Х Дүниежүзілік "Болашақтың энергиясы" саммиті жұмысына қатысуы жоспарланып отыр.