АСТАНА, 13 қаң — Sputnik. Америкалық Дэниэл Джейкобс 18 наурызда болатын жекпе-жекте екінші нөмірлі боксшы болып жұдырықтасуы мүмкін деп меңзеді оның бапкері Андре Розье FightHub басылымына берген сұхбатында.
"Головкин – мықты боксшы, бірақ боксшылардың бәрі қателеседі. Команданың басты мақсаты – сол қателіктерді анықтап, өз пайдасына асыру. Біз жоспардан ауытқымаймыз. Головкиннің әдіс-тәсілінің өзімізге басымдық берер тұстарын байқап отырмыз", — деді америкалықтың бапкері.
Оның айтуынша, екі боксшы арасындағы жекпе-жек 12 раундқа дейін созылуы мүмкін. "Біз 12 раундқа дайынбыз, алыс қашықтықта кімнің мықты екенін көреміз, бұл 12 раундқа созылатын ауыр жекпе-жек болмақ", — дейді Розье.