АСТАНА, 12 қаң – Sputnik. Астана әкімдігі әлеуметтік желілерде тараған қала әкімінің тексеруге келген азаматтарды кіргізбеу өкімі туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады елорданың ресми сайты.
"Астана қаласының әкімдігі әлеуметтік желілер мен WhatsApp месенджері арқылы тараған уақытша тіркеуге қатысты ақпаратты жоққа шығарады. Әкімдік ешқандай хабарламалар таратқан жоқ. Бұл ақпарат шынайылыққа жанаспайды", — делінген хабарламада.
Өткен жылғы желтоқсанның соңында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойылды. Атап өткенде, бұл тұрғылықты мекен жай бойынша тіркеу талабы туралы нормаларға қатысты болды.