АСТАНА, 12 қаң — Sputnik. Қазақстан және Ресей басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин телефон арқылы Астанада өтетін сириялық реттеу бойынша халықаралық кездесуге дайындық барысын талқылады, деп хабарлайды РИА Новости Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ресей Федерация президенті В.В. Путин Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Алдағы уақытта Астанада өтетін Сириядағы жағдайды реттеу бойынша халықаралық кездесуге дайындық барысы талқыланды", — делінген хабарламада.
Одан бөлек, екіжақты ынтымақтастықтың кейбір өзекті мәселелері де сөз болғаны хабарланады.
Сәрсенбі күні сириялық оппозициядағы дереккөзі РИА Новостиге, Астанада Сирия бойынша өтетін кездесудің мерзімі осы күндері Анкарада өтіп жатқан консультациялардың қорытындысына байланысты болады, оны бір аптаға кейінге шегеру мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды, деп хабарлаған.