АСТАНА, 12 қаң — Sputnik. Шығыс Қазақстанда құтқарушылар тас жолдардан отызға жуық адамды құтқарды деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.
Кеше кешкісін құтқару операциясы облыстық маңызы бар Бородулиха-Жезкент тас жолында жүзеге асырылды. Бұл жол түк көрінбейтін ақ түтек боранның салдарын күндізгі сағат 12-ден бері жабылған болатын.
Жолға шығып үлгерген азаматтар боран мен қар құрсауында қалып қойды. Барлығы 30 адам құтқарылды. Адамдар Жезкент ауылынан 12 шақырымдай жерде болған.
Көмекке Бородулиха ауданындағы жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері аттанды. Құтқарушылар үш көлікпен 18 адамды эвакуациялады. 13 адам көліктерін тастап кетуден жасқанып, эвакуациядан бас тартты. Зардап шеккендер жоқ.