Оқиға

Алматы маңында ХҚКО-да ер адам көз жұмды

© Sputnik / Болат ШайхиновХҚКО
ХҚКО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өтеген батыр кентіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығында ер адам кенеттен өзін нашар сезіне бастаған, оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы азаматтың өлімін тіркеді

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Алматы қала маңындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында 59 жастағы ер адам кенеттен көз жұмды. 

Көзбен көрушілердің айтуынша, ер кісі 11 қаңтар күні Алматы облысы  Іле ауданындағы Өтеген Батыр кентіндегі ХҚКО-да көз жұмған. Ол құжаттарды рәсімдеу үшін кезекке тұрған. Одан кейін кенеттен ол өзін нашар сезіне бастаған. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақыртылған. Ол бригадасы азаматтың өлімін тіркеді.

Алматы облыстық ішкі істер департаментінде кенеттен көз жұму дерегін растап, оқиғаның мән жайы тексеріліп жатқанын хабарлады. 


Жаңалықтар
0