Оқиға

Шымкентте бетперде киген шабуылшы ломбард қызметкерін жаралады

© Sputnik / Табылды Кадырбековтапанша
тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкентте ломбардқа қарулы шабуыл жасап, кассирді жаралаған және ақша мен зергерлік бұйымдарды алып кеткен тонаушы іздестірілуде

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Шымкентте ломбардқа қарулы шабуыл жасалып, қызметкер әйел жарақат алды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі ісер департаментінің баспасөз қызметі. 

Хабарламаға сәйкес, 11 қаңтар күні 9 сағат 35 минут шамасында қаладағы ломбардтардың бірінің қызметкеріне белгісіз тұлға оқ жарақатын салғаны туралы хабарлама түсті. 

Тапанша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодарда атысқан адамдар ұсталды

Ішкі істер департаментінің жедел-тергеу тобы оқиға орнына жедел жетіп, анықтағаны: бетіне медициналық маска және көзіне күннен қорғайтын көзілдірік таққан белгісіз тұлға қысқа ұңғылды аңшылық мылтығымен ломбардқа баса-көктеп кіріп, касса қызметкерін қорқытып алтын бұйымдар мен ақша беруін талап еткен.

Содан соң касса қызметкеріне қарай оқ атып, көкірек тұсынан жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші алған оқ жарақатынан Шымкент қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда дәрігерлер жәбірленушінің жағдайы ауыр екенін айтуда.

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп – тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің екі бабымен: 24-99 "Қарақшылық жолмен адам өлтіруге оқталу" және 287 "Атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру" қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция күдікті тұлғаның жеке басын анықтау мақсатында барлық тиісті шараларды іске асыруда.


Жаңалықтар
0