АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Барлық жоспарланған рейстер Стамбулдан Қазақстанға аттанды деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали.
Стамбул қаласындағы қазақстандықтар қалың қардың салдарынан елге орала алмаған еді.
"10 қаңтар 2017 жылы Стамбул әуежайларынан барлық жоспарланған рейстер Қазақстанға аттанды. Достар, баршаңызға жазғы жайма-шуақ күнді тілеймін!", — деп жазды Иғали Facebook парақшасында.