АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Манилада өтетін "Әлем аруы" конкурсында Қазақстан Республикасының намысын 19 жастағы Дарина Күлситова қорғайды деп хабарлады "Қазақстан аруы" конкурсының баспасөз қызметі.
12 қаңтар күні Манилада әлемнің түпкір-түпкірінен ару қыздар жиналады, олар осымен 65-ші рет өткізіліп отырған "Әлем аруы" байқауына қатысады.
Дарина Күлситова "Семей аруы" атағының иегері, "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының, World Beauty 2016 халықаралық конкурсының финалисті, Best Foto Model World Russian Beauty 2015, "Miss International Vietnam 2014" (Fashion House International халықаралық сұлулық конкурсы) бірінші вице-аруы.
"Мен үшін "Әлем аруы" сияқты жоғары деңгейлі конкурста Қазақстанның намысын қорғау үлкен абырой. Әлі күнге дейін сене алар емеспін. Жақсы өнер көрсетіп, елімізді, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді таныту үшін бар күшімді саламын", — дейді Дарина.