АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын болады, тек республиканың батыс және шығыс аймактарында жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі. Ақмола, Қостанай облыстарының облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде — тұман күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейіп, Шығыс Қазақстан облысында бұрқасынды жел соғады. Қызылорда облысында, түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Атырау облысында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, күндіз бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 18-28 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Манғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ болып, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с, оңтүстік-батыс облысында кей уақытта 30 м/с күшейеді.