Ресейдің Түркиядағы елшісіне шабуыл жасалған Анкарадағы заманауи өнер орталығының экспозициялық залында Андрей Карловтың құрметіне концерт өтіп, ескерткіш тақтасының ашылуы өтті.
Anadolu агенттігі сейсенбі күні хабарлағандай, залға ресейлік дипломаттың есімі берілген.
19 желтоқсан күні Ресей елшісі Түркия астанасындағы фотокөрменің ашылу салтанатында қаза тапты. Шабуыл кезінде тағы да үш адам зардап шекті. Ресейдің сыртқы істер министрлігі болған оқиғаны теракт деп бағалады.