АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Атырау облысы бойынша Сот сараптамасы институтының бас сарапшысы екі айға үй қамаққа алынды деп хабарлады Атырау қалақы №2 сотының баспасөз қызметі.
"Сарапшыға 20000 доллар көлемінде парақ алмақ болды деген күдік келтірілді. Қылмыстық істің тағы бір қатысушысы бар, ол лауазымды тұлғаның пара алуына көмектесті деген күдікке ілінді", — делінген хабарламада.
Атырау №2 қалалық сотының тергеу судьясы бұлтартпау шарасын қолданды: Атырау облысы бойынша Сот сараптамасы институтының бас сарапшысы екі айға үй қамаққа және екінші сыбайлас екі айға қамауға алынды.
Сот алды тергеу ісі жалғасуда.