Саясат

Омаров БҰҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын ұсынып, келіссөздер жүргізді

© Photo : МИД РКОмаров БҰҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын ұсынып, келіссөздер жүргізді
Омаров БҰҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын ұсынып, келіссөздер жүргізді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Антониу Гутерреш БҰҰ-ның Қазақстанмен саяси диалогтың әрі қарай кеңеюіне қызығушылық танытып отырғанын атап өтті

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. ҚР-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалған Қайрат Омаров Ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутеррешке сенім грамоталарын табыстады, содан кейін екі жақты форматта келіссөз жүргізді деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігі.

Қайрат Омаров - Sputnik Қазақстан
Саясат
ҚР-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі тағайындалды

Омаров пен Гутерреш ескі достардай кездесті. Салтанаттан кейін болған келіссөзде екі жақ бір-бірін жаңа лауазымымен құттықтап, БҰҰ-ның Қазақстанмен серіктесітігі одан әрі нығаятындығына сенім білдірді. 

Қазақстан дипломаты ел басшылығының атынан Ұйымның жаңа басшысының қақтығыстарды тоқтату, бітімгерлік, тұрақты даму салаларындағы жоспарларына қолдау білдірді. 

© Photo : ҚР СІМҚайрат Омаров БҰҰ-да
Қайрат Омаров БҰҰ-да - Sputnik Қазақстан
1/3
Қайрат Омаров БҰҰ-да
© Photo : ҚР СІМАнтониу Гутеррешке арналған сенім грамоталары
Антониу Гутеррешке арналған сенім грамоталары - Sputnik Қазақстан
2/3
Антониу Гутеррешке арналған сенім грамоталары
© Photo : ҚР СІМАнтониу Гутерреш пен Қайрат Омаров
Антониу Гутерреш пен Қайрат Омаров - Sputnik Қазақстан
3/3
Антониу Гутерреш пен Қайрат Омаров
1/3
Қайрат Омаров БҰҰ-да
2/3
Антониу Гутеррешке арналған сенім грамоталары
3/3
Антониу Гутерреш пен Қайрат Омаров

Бас хатшы 23 қарашада Астанада Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуін еске алып, Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктеріне жоғары баға берді. 

Гутерреш Қазақстанның әлемдегі барлық елдермен тығыз қарым-қатынастағы мемлекет ретіндегі беделін атап өтті. Оның айтуынша, бұл аймақтық қақтығыстарды реттеп, жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мәселелерін шешуде үлкен рөл атқарады.

Жаңалықтар
0