АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Мадридтік "Реал" шабуылшы мен Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Астана уақытымен дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні FIFA версиясы бойынша 2016 жылғы ең үздік ойыншы атанды.
The Best күміс добы португал ойыншысына Цюрихтегі марапаттау салтанатында берілді. Бұл марапатқа "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси мен "Атлетико" форварды Антуан Гризманн үміткер болған еді.
2016 жылы желтоқсанда Роналду екінші жоғары дәрежелі марапатқа ие болды — France Footbal апталық журналының "Алтын добы".